Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл халыққа мәдени-білім беру қызметінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жарты ғасырлық тарихы бар бұл кітапханаға соңғы рет жөндеу жұмыстары 2008 жылдары жасалған.


Кішкенекөл ауылындағы бұл кітапхана 1978 жылдан бері жұмыс істейді. Оған аудандағы барлық мекеме қарайды. Кітапхана қорында 40 мыңнан астам кітап бар. Қазір бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғимаратта бұндай ауқымды жұмыстар көптен бері жүргізілмеген.

СНХ:ГҮЛНӘР ӘПЛЕСАНОВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Жұмысқа жауапты мердігер павлодарлық «Ertis Art Servis» ЖШС. Жөндеу жұмыстарын 2024 жылы бастаған. Ішкі желілер мен жылыту жүйесі, электрмен жабдықтау желілері, ғимараттың қабырғаларын ылғалға төзімді гипсокартонмен қаптау бойынша тиісті жұмыстар орындалды. Кітапхана толығымен жаңартылды. Бұл жұмысты мердігер компания жоспарланған кезеңде уақтылы аяқтамақ.

СНХ:ПАВЕЛ ШАБАЛИН, «ERTIS ART SERVIS» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ


Бұл жұмыстарға 20-дан астам адам жұмылдырылған. Мердігер компания жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.