Жамбыл ауданында ауқымды бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шара Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің төтенше жағдайлар қызметтері мен басқа да жауапты мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - орман және дала өрттерін жою және сөндіру кезінде өзара әрекеттесу алгоритмдерін пысықтау, шекаралық аймақтарда бірлескен іс-қимылды үйлестіру.
Оқу-жаттығу барысында шартты түрде бірнеше өрт ошақтары орын алып, оларды сөндіру бойынша нақты іс-қимылдар жүзеге асырылды. Құтқарушылар белгіленген уақытта оқиға орнына жедел жетіп, күш пен құралдарды тиімді түрде жұмылдыра білді. Қауіпті аумақтарды оқшаулау, өрттің таралуын болдырмау және оны толық ауыздықтау бағытында кешенді іс-шаралар қабылданды. Мамандар қауіптің алдын алу және оның салдарын жою бойынша нақты практикалық шараларды пысықтап, шұғыл әрекет ету алгоритмдерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізді..
СНХ:МАРАТ СЫЗДЫҚОВ, СҚО ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қостанай облысымен бірлескен мұндай ауқымды оқу-жаттығу жиыны алғаш рет өткізіліп отыр. Көршілес аймақтан жиынға 1 арнайы техника мен 5 жеке құрам келді. Ал, Ресей Федерациясы Қорған облысының мамандары онлайн түрде қатысты. Жамбыл ауданының әкімінің сөзінше, бұл өңіраралық қауіпсіздік пен тәжірибе алмасу бағытындағы маңызды қадам.
СНХ:АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін мамандар бірлесіп, өткізілген іс-шараның нәтижелерін талқылады. Сонымен қатар, шекаралас аймақтардағы өзара әріптестікті нығайту жолдары да қарастырылды.