Заманауи фермалар, аграрлық саладағы жаңа технологиялар, инфрақұрылымды дамыту мен бизнесті қолдау. Тайынша ауданы озық тәжірибелерді енгізу алаңына айналуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Ерекше назар цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолдануға аударылды. 


Макашевка ауылында «Асар» серіктестігі 400 басқа арналған тауарлы-сүт ферманы іске қосты. Бұл – Солтүстік Қазақстанның табысты тәжірибесін тарату бағдарламасына қатысып отырған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Германиядан 222 сиыр әкелінген. Орташа сауын мөлшері – 25 литр. Жыл басынан бері 887 тонна сүт өндірілді. Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңге, оның 650 миллионы – серіктестіктің өз қаражаты.

СХН:АЛИ АСТАМИРОВ – «АСАР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Қаражат тек симментал тұқымдас ірі қараны сатып алуға ғана емес, цифрлық технологияларды енгізуге де бағытталды. Жасанды интеллект жүйесі әр сиырдың жағдайын бақылап, денсаулық индексін 100 балдық шкаламен бағалайды.


Ауданда орақ науқаны қызған шақ. 600 мың гектардың 65 пайызы жиналды. Облыс әкімі диқандармен бірге өнім, технология және болашақ жайын талқылады. Мұнда жаңа тұқымдар мен жасанды интеллект элементтері бар агротехника да таныстырылды.


Ауылдарды таза ауыз сумен қамту – басты басымдық. Донецкое ауылында Булаев топтық су құбырынан тарайтын желілер салынып жатыр. Жобаға шамамен 640 млн теңге бөлінген.