Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының сахнасында – ерекше қойылым. Гастрольдік сапармен Петропавлға алғаш рет Алматылық «Шам» театры келді. Көрерменге елді елең еткізген, үлкен сұранысқа ие болған «№37» драмасы ұсынылды.
Қызылжар төрінде ерекше кеш. Петропавлда алғаш рет ел назарын өзіне аудартқан Шам театрының #37 драмасы сахыналанбақ. Зал лық толы, аншлаг. Ине шаршар жер жоқ. Бұл көрерменнің өнерге деген шынайы ықыласы
Кештің шымылдығы «№37» драмасымен ашылды. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, елге кеңінен танымал болған бұл қойылым алғаш рет қостанайлық өнерсүйер қауымға ұсынылған. Үш жыл ішінде «№37» спектакілі еліміздің 13 қаласында аншлагпен өтіп, беделді «Ticketon Awards» жүлдесінде екі мәрте үздік деп танылды. Ал 2023 жылы «Жылдың үздік театр жобасы» аталымында жеңімпаз атанды. Театрдың көркемдік жетекшісі – халықаралық деңгейде мойындалған режиссер, А.П. Чехов атындағы халықаралық театр фестиваліне арнайы шақырылған алғашқы қазақстандық қоюшы-режиссер Фархад Молдағали. Еңбек жолын осы — Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында бастаған.
СНХ:ФАРХАТ МОЛДАҒАЛИ, «ШАМ» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕЖИССЁР
«ŞAM» театры 2022 жылы еліміздің талантты актерлары Еркебұлан Дайыров пен Асан Мажиттің бастамасымен құрылған. Қысқа уақыт ішінде кәсіби сахнада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген өнер ордасы бүгінде еліміздегі жетекші тәуелсіз театрлардың біріне айналды. «№37» драмасындағы Расул бейнесін сомдаған актер әрі «ŞAM» театрының басшысы – Алмат Құрақ. Ол жас режиссерлар мен драматургтарды қолдап, шығармашылық ортаны дамытуға үлес қосып келеді.
СНХ:АЛМАТ ҚҰРАҚ, «ШАМ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АКТЁР
Қойылым желісі Ягубовтар әулетінің отбасылық драмасынан өрбиді. 15 жыл бұрынғы қайғылы оқиғадан кейін қаза тапты деп есептелген Расул аяқ астынан оралады. Оның келуі жасырын сырды ашып, ескі жараларды қозғап, отбасының тағдырын түбегейлі өзгертеді. Оқиға отбасылық құндылықтар, түсінбеушілік, жатсыну және ақиқатқа ұмтылу мәселелерін көтереді.
Көрерменнің айтуынша, қойылым ерекше әсер қалдырған. Терең мағына, жан тебірентер сәттер мен актерлердің шынайы ойыны залдағы әр жанды бейжай қалдырмады. Бірі көзіне жас алды, енді бірі өз өмірімен салыстырып, ой түйді. Көпшілік «№37» драмасын көріп, өнердің құдіретін сезінгендерін айтады.