Петропавл қаласы тұрғын үй құрылысы саласында жаңа кезеңді бастан кешіп отыр. Жағажай маңында бизнес-класс санатындағы алғашқы тұрғын үй кешені бой көтерді. «Esil City» заманауи құрылыс стандарттарына және әлемдік үрдістерге толық сай келеді. 

«Esil City» тұрғын үй кешені 131 пәтерден тұрады. Жоба қазіргі құрылыс талаптарына және әлемдік үрдістерге сай жүзеге асырылған. Оның құрылысын еліміздегі заманауи тұрғын үй саласының көшбасшысы – «СЭД GROUP» компаниясы атқарды. Компания өз жобаларында жайлылық пен қауіпсіздікке басымдық беріп, қала келбетіне сән беретін, халықаралық стандарттарға сай тұрғын үй кешендерін ұсынып келеді. Ал коммерциялық директор Мадияр Жағапаровтың айтуынша, кешеннің басты артықшылығы – «ақылды үй» жүйесі.

СНХР:МАДИЯР ЖАҒАПАРОВ, «СЭД» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ


Төбесінің биіктігі 3 метр болатын тұрғын үй кешені заманауи талаптарға толық сай. Жобада энергия үнемдейтін материалдар, дыбыс оқшаулау технологиялары және қауіпсіздік жүйелері қолданылған. Бұл өз кезегінде тұрғындарға жоғары деңгейлі жайлылықпен қатар, ұзақ мерзімді сенімділікті қамтамасыз етеді.

СНХР:СЕРГЕЙ КРАСНОПЕРОХ, САПА ИНЖЕНЕРІ


Айта кету керек, бүгінде «Есиль Сити» тұрғын үй кешені толықтай пайдалануға берілді. Нысанның актісі рәсімделіп, ресми түрде қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда жаңа қоныстанушылар пәтерлерінде белсенді түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.