«Менің отбасым – менің тірегім» дәл осындай тақырыпта Солтүстік Қазақстан полицейлері Отбасы күніне орай байқау өткізді. Сайыста жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Рустам Ильясов пен жұбайы Ильвира жеңімпаз атанды.
Жауапкершілігі зор, күйзелісті қызметте жүрген полицейлер үшін отбасы қолдауы айрықша маңызды. Қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде «Менің отбасым – менің тірегім» атты байқау ұйымдастырылды.
СНХ:Рустам Манбетеев — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары
Байқауға жас жұбайлардан бастап ересек балалары бар тәжірибелі жұптарға дейін әртүрлі жастағы отбасылар қатысты. Тапсырмаларда әрі психологиялық сергіту, әрі ерлі-зайыптылардың бір-бірін қаншалықты жақсы білетіндігі сыналды.
Бір тапсырмада кез келген тақырыпқа сурет салу керек болды: алдымен бірі бастап, екіншісі көрмей аяқтайды. Ерекшелігі сол — барлық жұптар сөз байласқандай бірдей сурет салып, бәрі үй бейнесін таңдады. Жеңімпаз атанғандар – жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Рустам
СНХ:Рустам пен Ильвира Ильясовтар — байқау жеңімпаздары
Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға дипломдар табыс етіліп, полицейлердің жұбайларына гүлдер сыйланды. Ал қызметте жүрген офицерлер міндеттерін атқаруға қайта кірісті.