15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні. Бұл күн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы №232 бұйрығымен бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Бүгін атаулы күнге орай арнайы жиын өтіп, бірқатар маман құрметке бөленді.

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі 1950 жылдың 1-ші қыркүйегінде КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығына сәйкес құрылды. Сол кезеңде мекеменің штаты небәрі 22 дәрігерден тұрды. Дегенмен, сол азғантай мамандардың өзі өңірдегі індеттердің алдын алу, халықтың санитариялық жағдайын бақылау, тазалық нормаларын қадағалау сияқты маңызды міндеттерді атқарды.

CНХ:АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күн сайын түрлі аурулардың алдын алу мен олардың таралуына жол бермеу бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Халықтың денсаулығын қорғау үшін олар санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, эпидемиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстайды. Әсіресе, індет өршіген кезеңдерде олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі айрықша көрінеді.


СНХ.ГҮЛНӘР СЕЙІТОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Саланың ардагерлері де бұл күні назардан тыс қалған жоқ. Ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен бірқатар маманға арнайы марапаттар табысталды. Жиын соңы мерекелік концертпен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.