Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – мамандандырылған машина жасау өндірісі саналатын RM Stone зауыты. Компания жүк көтергіш жабдықтарды жобалау, дайындау және монтаждаумен айналысады.
RM Stone зауыты еліміздің барлық өңірлерінде құрылыс алаңдарында, өндірістік цехтарда және стратегиялық нысандарда қолданылатын крандарды шығарады. RM Stone – жобалаудан бастап жинақтау мен сынақтан өткізуге дейінгі толық өндірістік циклге ие. Зауытта консольді, көпірлі, қақпақты және тіректі крандар жасалып, бүкіл Қазақстанға жеткізіледі.
СНХ:АЗАТ ЗАЛЯЕВ, «RM STONE» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
2018 жылы құрылған компания бүгінде өзін жүк көтергіш техниканың толыққанды өндірушісі ретінде танытып отыр — қарапайым тельферлерден бастап қақпақты крандарға дейін шығарады. Зауыт жеке де, мемлекеттік те тапсырыс берушілерге қызмет көрсетіп, ірі құрылыс және өндірістік жобаларға техника жеткізеді. Мұнда бірнеше цех бар. Шамамен 50 адам еңбек етеді. Солардың бірі – 40 жылдан астам тәжірибесі бар токарь Айдар Байғожин. Ол зауыт құрылған сәттен бастап осында жұмыс істеп келеді.
СНХ:АЙДАР БАЙҒОЖИН, ТОКАРЬ
RM Stone зауытының құрылғанына бар болғаны жеті жыл болса да, осы уақыт ішінде ол нарықта өз орнын тапқан ірі кәсіпорын.