Күз - саңырауқұлақ теруге ең қолайлы шақ. Биыл қолайлы ауа райынан орман сыйы – саңырауқұлақ молынан шыққан. Пайдалы тағам санатына жататын өнімнің құрамында А дәрумені, калий тұздары, фосфор және ағзаға қажет басқа да заттар көп.


Есіл ауданы Заградовка ауылының тұрғыны Владимир Писаренко бір сағат ішінде үш шелек саңырауқұлақ теріп алды. Енді үйіне апарып, тазалап, тұздап, іс қылмақ.

СНХ:Владимир Писаренко, Заградовка ауылының тұрғыны


Ауыл тұрғыны қолы сәл босаса, шелегін алып орманға аттанады. Оның айтуынша, білетін саңырауқұлақты ғана терген дұрыс немесе тәжірибесі бар адамға ерген жөн.

СНХ:Владимир Писаренко, Заградовка ауылының тұрғыны


Ауылдан бірер шақырым орналасқан орманда саңырауқұлақ терген адамның қарасы қалың.


Татьяна Какунина да бүгін саңырауқұлақ теруге шығып, қысқа қор жинап жатыр. Анасының қасында жүріп үйренген ол, қазір орманға отбасымен баруды әдетке айналдырған.

СНХ:Татьяна Какунина, Заградовка ауылының тұрғыны


Өңірде саңырауқұлақты қазан айы бойы теруге болады. Алайда, мамандар, қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертеді. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақты тұтынудың арты қайғылы аяқталуы мүмкін.