Облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” тақырыбындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды. Маңызды жиынға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері, партия өкілдері, энергетиктер, ассамблея мүшелері, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.