Береке шағын ауданындағы №29 орта мектепте тоғызқұмалақтан оқушылар арасында жарыс өтті. Бұл дода дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналды. Және бұл спорттық іс-шара ұлттық ойынның беделін арттыру, қатысушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған.

оғызқұмалақ ойыншылардың логикалық ойлауын, шыдамдылығы мен тапқырлығын дамытады. 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жарысқа 40-қа жуық оқушы қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойын ашық аспан астында тартысты өтті.

СНХ:НҰРДӘУЛЕТ ЖАКИЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Темірлан Ипов 8 сынып оқушысы. Әкесіне қарап, ұлттық ойынға қызығушылығы оянған. Сондықтан кішкентай кезінен тоғызқұмалақ ойынына жақын болып өскен. Бірнеше турнирлардың жеңімпазы да атанған. Болашақта да бұл спортты жалғастырып, дамытпақ ниетте.

СНХ:ТЕМІРЛАН ИПОВ, №29 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ


Тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық танытқандардың саны жыл санап артып келеді. Осындай жастардың арқасында тарихы тереңде жатқан ұлттық ойын ешқашанда ұмытылмайды.