Жамбыл ауданындағы Преснов астық қабылдау қосынынің ірге тасы 1956 жылы қаланған. Содан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынды өткен жылы «Шатило И К» серіктестігі өз меншіктеріне алған. Осы жылдың маусымында онда қомақты модернизациялау жұмыстары басталып, ескі қоймалар заманауи астық сақтау қоймаларына алмастырылып жатыр. Бұған дейін кәсіпорын қоймалары 30 мың тонна астық қабылдауға қауқарлы болса, жаңа кейіптегі қоймалар іске қосылған шақта сыйымдылық көлемі 60 мың тоннаға жетпек. Бұл мақсатқа бағытталған қаржы көлемі 2,3 миллард теңгені құрайды.


Жамбыл ауданындағы «Шатило и К» серіктестігі 2004 жылы құрылған. Бүгінгі күні меншіктеріндегі егіс алқаптарының жалпы көлемі 37 мың гектарды құрайды. Онда дәнді дақылдар мен қатар майлы дақылдар да өсіріледі. Жыл санап асытық көлемі артқандықтан оны сақтау мәселесі туындаған. Сондықтан серіктестік өткен жылы Преснов астық қабылдау қосынын сатып алыпты. 60 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын аумағында қазір модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СНХ:Олег Адам – «Шатило и К» серіктестігінің директоры 


Жаңа қоймалар мен ондағы қондырғыларды монтаждау жұмыстары қазан айында толығымен аяқталмақ. Ал олардың ішіне бетон құю мен маңайын абаттандыру келер жаздың еншісінде. Сондықтан жаңа қоймаларда астық сақтау да келесі орақ науқанынан басталады. Әзірге астық ескілеріне үйілмек.

СНХ:Олег Адам – «Шатило и К» серіктестігінің директоры 


Серіктестік 2012 жылдан бастап егіншілікпен қатар мал шарашылығын да қатар дамытып отыр. Бордықылау алаңындағы етті бағыттағы «Абердин Ангус» тұқымды мал басы 500. Қазан айында тағы осы тұқымдас 600 бас бұқашықтар алып өсіру жоспарланып отыр.