Кеден және логистика қызметін «Smart cargo» жүйесі бақылайды. Бірыңғай цифрлық жүйе қазан айының соңына дейін іске қосылуы тиіс. Президент Жолдауда сала мамандарына осындай міндет жүктеді. Мақсат - кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыру. Транзиттік жүктердің «жасыл дәліз» қағидасымен еш тосқауылсыз өтуіне барынша жағдай жасау. Қазақстан - Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұр. Былтыр біздің жер арқылы өзге елдерге 1 миллиард тоннадан астам жүк тасымалданды.
СНХ:НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ – «QAZTRADE» САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ