Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі жол қауіпсіздігі мәселесіне айрықша тоқталды. Президенттің айтуынша, көлік апаттарының көбеюі – қоғам үшін аса өзекті проблема.Жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы, жаяу жүргіншілердің бейқамдығы және қозғалыс мәдениетінің төмендігі – басты себептердің бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысына жаңа талаптар қойып, тұрғындарды да жолда жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Президенттің сөзінше, елімізде адам өміріне тікелей қатер төндіретін күрделі түйткілдердің бірі – көлік апаттарының жиілеп кетуі. Биылғы жылдың өзінде 22 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның басым бөлігі жүргізушілердің ережені елемеуінен болған. Бұған қоса, Мемлекет басшысы электросамокаттар тақырыбына ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, екі жыл бұрын қабылданған заңнамалық өзгерістерге қарамастан, қозғалыс мәдениеті әлі де қалыптаспай отыр. Соның салдарынан азаматтар қоғамдық орындарда жиі қауіпке тап болады. Осыған байланысты электросамокатты пайдалануды нақтылайтын жаңа түзетулер әзірленіп, оларды тез арада қабылдау қажеттігі айтылды.

СНХ:АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ