Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ірі құс фабрикасы жұмыс істейді. Солардың бірі — Тайынша ауданында орналасқан. Мұнда жылына шамамен 500 мың тауық 100 миллионнан астам жұмыртқа береді. Жұмыртқаларды қоймаға тасымалдау процесі толық автоматтандырылған.
Ильичевка ауылында орналасқан құс фабрикасында бүгінде 480 мыңға жуық тауық өсіріледі. Кәсіпорын жылына шамамен 130 миллион дана тағамдық жұмыртқа өндіреді. Бұл – аймақтағы ең ірі құс фабрикаларының бірі саналады.
СНХ:ҚАНАТ ЖҮСІПБЕКОВ «ПТФ ЕСИЛЬСКАЯ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Құс фабрикасы 2017 жылы ашылған, бүгінде мұнда 100 адам жұмыс істейді. Өнімді тасымалдау үдерісі автоматтандырылған. Конвейердің әр бөлігіне жауапты қызметкер бекітілген.
СНХ:АЙНАГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚОЙМА МЕҢГЕРУШІСІ
Жұмыртқа өнімдері Қазақстан бойынша, сондай-ақ бір бөлігі Ресей Федерациясына да экспортталады.