Өңірлік коммуникациялар қызметінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар талқыланды. Брифинг барысында денсаулыққа қасақана орташа және ауыр зиян келтіру, сондай-ақ ұрып-соғу фактілері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды.
2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған 21 қылмыстық істі аяқтаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға төмен. Анықталған деректердің ішінде 1 кісі өлтіру, 5 жағдай – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ орташа және жеңіл деңгейдегі дене жарақаттары мен 11 ұрып-соғу фактісі тіркелген.
CНХ:ҚАЙЫРБЕК БАЙМӨНКЕНОВ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Петропавл қалалық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің сенім телефонына кеңес алу үшін 28 әйел хабарласқан. Жүргізілген әңгімелесулер нәтижесінде 19 әйел полицияға ресми түрде арыз түсіріп, отбасындағы құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
СНХ:ӘСЕМ ІЛИЯСОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖПҚ БӨЛІМІНІҢ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Петропавл қаласында тұрғындармен профилактикалық жұмыс күшейтілді. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылуда. Сондай-ақ еңбек ұжымдарында кездесулер ұйымдастырылып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат берілуде.