Биыл әскери борышын өтеген 2 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығына ие болды. Яғни, талапкерлер емтихан тапсырмай-ақ өздері таңдаған университетке түсе алады. Грант иегерлерінің басым бөлігі техникалық, экономикалық және ІТ саласындағы мамандықтарды таңдаған. Петропавлдғы жоғары оқу орындарында да әскерден кейін студент атанған жастар білім алып жүр.


Аянат Нүспбек Петропавлдағы Ұлттық ұлан әскери академиясында білім алып жүр. Отан алдындағы борышын ойдағыдай атқарып, арнайы сертификатқа ие болған. Ойланбастан әскери саланы таңдапты.

СНХ:АЯНАТ НҮСІПБЕК, КУРСАНТ


Жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігі үздік сарбаздарға ғана беріледі. Сертификат иегерлері сынақ тапсырмайды. Тек әскери мамандықты игергісі келгендер тиісті нормативтерді орындауы тиіс.

СНХ:АРЫСТАН СӘДУАҚАСОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ АКАДЕМИЯСЫ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ


Әділбек Асылбек колледжді аяқтағаннан кейін әскер қатарына қабылданыпты. Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, білім грантының иегері атануға өтініш білдірген. Қазір Қозыбаев университетінің дене шынықтыру факультетінде білім алып жүр.

СНХ:ӘДІЛБЕК АСЫЛБЕК, СТУДЕНТ


Бұған дейін мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға ректор гранты тағайындалып келген болатын. Ал биылғы оқу жылынан мемлкететтік білім гранты беріле бастады. Яғни, аталған бағдарлама бойынша оқуға түкен студенттерге стипендия төленеді.


СНХ:ҚАРЛЫҒАШ ҚАЛЫБЕКҚЫЗЫ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ



Әскерилерге берілетін сертификат 2 жылға дейін жарамды. Олар кез келген жоғары оқу орнын таңдауға құқылы. Тек медициналық, фармацевтикалық және педагоикалық мамандықтарға шектеу бар. Аталған бағдарлама 2023-шы жылы қабылданған болатын. Республика бойынша