Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Наталья Богданова 70 кг салмақ дәрежесінде Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды! Бұл оған кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал 13 қыркүйек күні Наталья чемпионат қожайыны – ағылшындық Шантель Ридпен шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, Наталья – Қазақстан тарихында алғаш рет IBA және World Boxing додаларында жүлде еншілеген боксшы қыз.