Петропавлда мектеп пен колледж мұғалімдеріне қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған курстар басталды. Бұл бастаманы Оқу-ағарту министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және ҚР Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы бірлесіп ұйымдастыруда. Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық - экономистер мен кәсіпкерлерге ғана емес, әр азаматқа, соның ішінде ұстаздар қауымына да аса қажет өмірлік дағды. Бұл жоба Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған басымдықтарға тікелей сәйкес келеді. Онда адами капиталды дамытуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы экономикалық тұрақтылықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінген.

Жобаның басты мақсаты – педагогтердің қаржылық сауатын арттыру арқылы оқушыларға экономикалық білім мен қаржылық мәдениетті жүйелі түрде үйрету. Бастама аясында еліміз бойынша 10 мыңнан астам мұғалім қамтылмақ. Алғашқы кезеңде Ұлттық Банк 100-ден астам қазақстандық тәлімгерді даярлап шықты. Олар заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, мұғалімдерге қаржылық сауаттылық негіздерін түсіндіреді.

СНХ:ДИАС МЭЛС, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

«Ғаламдық құзыреттер» пәнін оқытатын мұғалімдерге арналған бес күндік курста бұл жолы 6 мыңға жуық ұстаз арнайы бағдарлама бойынша білім алмақ. Ал 2026 жылға дейін тағы шамамен 4 мың педагог оқытылуы жоспарланып отыр. Курс қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылған. Оқыту қараша айының соңына дейін жалғасады. Мамандардың айтуынша, мұғалімдердің алған жаңа білімі мен дағдылары кейін барлық мектептің оқу бағдарламасына енгізілмек. Бұл – қаржы мәдениетін мектептен бастап қалыптастыруға жасалған нақты қадам.

СНХ:ӘЛИЯ ҚАБДЕНОВА «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰО «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІК ӘДІСТЕМЕЛЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ


Білім беру саласының мамандары меңгерген жаңа дағды мен білім кейін барлық мектептің оқу процесіне енгізілмек.