Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мемлекеттік органдарға, бизнеске және азаматтық секторға алдағы кезеңдегі басты бағыттарды нақты шешімдермен ұсынды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллекттің маңыздылығын ерекше атап өтті. Жасанды интеллект заман талабы, сондықтан елімізде мұны дамыту үшін барлық жағдай жасалмақ. Мемлекет басшысы бұл орайда жаңа министрлік құруды ұсынды.
СНХ:ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Мемлекет басшысы қоғамда заңға құрметпен қарау қағидасын орнықтыру қажеттігін атап өтті. Өйткені бүгінде адамдардың бір-біріне дөрекі сөйлеп, ерегесіп, тіпті төбелеске дейін баратын жағымсыз әдеттері жиі байқалады. Әсіресе мұндай келеңсіздіктерді қоғамдық орындарда немесе жол бойында көруге болады. Президенттің айтуынша, бұл өркениетті қоғамға жат қылық қана емес, елдің беделіне де нұқсан келтіреді. Сондықтан мәдениет пен әдеп әрбір азаматтан басталуы тиіс.
СНХ:КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ
Жолдауда жастардың әлеуетін арттыруға ерекше мән берілді. Өйткені жаңа Қазақстанның дамуы – жас буынның қолында. Президент атап өткендей, жастар ғылым мен білімді, заманауи технологияларды меңгеруі қажет. Бұл ретте цифрландыру мен жасанды интеллектті игеру – болашақтың басты кепілі.