Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллекттің маңыздылығын ерекше атап өтті. Жасанды интеллект заман талабы, сондықтан елімізде мұны дамыту үшін барлық жағдай жасалмақ. Мемлекет басшысы бұл орайда жаңа министрлік құруды ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландыруға ерекше көңіл бөліп, еліміздегі өзекті мәселелерді шешу үшін түбегейлі цифрлық өзгерістер қажет деді. Айта кетейік, облыс орталығында орналасқан М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп – лицейі балаларды дәл осы бағытта оқытады.

СНХ:АЙСҰЛУ БАЯЗИТОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫБАСАРЫ


Асылжан Жолдыбай - 11 сыныпта оқиды. Болашағынан зор үміт күттірер қыз медиццна саласын таңдап, ақ халатты абзал жан болуды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, денсаулық сақтау саласына жаңашылдық әкелуді, адамдардың саулығы үшін еңбек етуді мақсат етеді.

СНХ:АСЫЛЖАН ЖОЛДЫБАЙ, ОҚУШЫ


М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп – лицейінде 1150 оқушы біліп алып жатыр. Білім ордасында 110-ға жуық білікті ұстаз жұмыс істейді.