Облыс орталығында нашақорлыққа қарсы жүйелі іс-шаралар жалғасуда. Прокуратура бастамасымен өткізілетін «Нашақорлыққа – жол жоқ» акциясының мақсаты – есірткі заттарының таралуына жол бермеу және олардың жарнамасын түпкілікті жою.

Қала аумағында акция басталған сәттен бері 145-тен астам наркограффити жойылды. Мұндай жазулар тұрғын үйлердің аулаларынан да, қоғамдық орындардан да табылған. Зиянды жарнамаларды өшіруге еріктілер де белсене атсалысуда. Сонымен қатар, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жамбыл облысының тұрғынына үкім шығарды. Ол Петропавл қаласында аэрозольды бояумен «наркодүкендердің» атауларын жазып, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаған. Жазулардың бірі тіпті «Мәңгілік алау» мемориалында және Николай Погодин атындағы орыс драма театрының маңынан анықталған.

СНХ:СӘКЕН ХАСЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ


Жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы Айсұлу Бекімованың айтуынша, аталмыш акцияға олар үнемі белсенді қатысып келеді. Себебі, жастарды салауатты өмір салтына баулу және қоғамды нашақорлықтан қорғау – басты мақсаттардың бірі.

СНХ:АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында заң мен тәртіпті нығайтуға ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – әрбір азаматтың жарқын болашағының кепілі.