Мемлекет басшысының “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” тақырыбындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында ел алдына өте маңызды стратегиялық мақсат қойды. «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық мемлекет болу керек», деді. Жасанды интеллектті экономиканың барлық саласына енгізу қажеттігін алға тартты. Президенттің бұл тапсырмасын өңір тұрғындары қолдап, жасанды интеллектінің маңызы жайында өз ойларымен бөлісті.