Цифрлық даму министрлігі Парламент қабырғасында Цифрлық кодекстің және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларының пысықталуын жеделдетуі тиіс.

Президент жолдауын жүзеге асырудың тетіктері талқыланған Үкімет отрысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Бұдан бөлек, министрлік цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуге кірісуі керек. Бұл құжат саланың алдағы үш жылға арналған негізгі бағыттарын қамтиды. Үкімет басшысы ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу мемлекеттік басқарудың заманауи технологиялық жүйесін құруға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Сондай-ақ Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігер жұмылдырылатынын жеткізді.

СНХ:ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ