Тайынша ауданында саламатты өмір салтын ұстанушылардың қатары көбейіп келеді. Тұрғындар ішімдік пен зиянды әдеттерден бас тартып, еркіндікке, денсаулық пен жан тыныштығына, сондай-ақ жеке жетістіктерге қол жеткізуді өмірлік ұстаным ретінде таңдауда. Жуырда аудан бойынша тағы бір ішімдіктен бас тартты.
Амандық ауылында 400-ден астам адам тұрады. Ауыл тұрғындары түгелдей ішімдіктен бас тартқан. Бұл олардың өмірін сүреңсіз етпей, керісінше, ауылдың ажарын ашып, жаңаша серпін берді. Бүгінде елді мекен гүлденіп, тіршілік жандана түсті.
Ауыл тұрғындары туған жерін құрметтеп, өз тамырын ұмытпайды. Басқа жерде өмір сүріп жатса да, туған ауылдың көркеюіне үлес қосуда. Мәселен, Сағынай мен Самарқан есімді ағайынды азаматтар өз қаражатына футбол алаңын салып берді.
СНХ:САҒЫНАЙ РАХИМОВ, АМАНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ
Бұл — Болат Мұқанов. Ол ауыл тұрғындары үшін қоғамдық монша салып жатыр. Ер адам шаруашылықпен айналысады. Екі жыл бұрын бос тұрған ғимаратты өз күшімен қайта жөндеуді бастап, бұл мақсатқа шамамен 30 миллион теңге жұмсаған.
СНХ:БОЛАТ МҰҚАНОВ, АМАНДЫҚ АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қылмыс азайды, рухани құндылықтар артты. Саламатты өмір салты — денсаулық пен ұзақ өмір кепілі.