Петропавлда Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы VIII кубогы өтіп жатыр. Төрт күнге созылатын дүбірлі додаға 10 ерлер және 10 әйелдер командасы қатысады.

Дәстүрлі жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушылар ұпай жинайды. Жиынтық ұпай нәтижесі бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар анықталады. Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен спортшылардың есімдері арнайы тізімге енгізіледі.

СНХ:ДӘУРЕН ДАНАЕВ, ҚР "ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" ҚБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


СНХ:ОЛЬГА ЧЕРНОВА, ҚАТЫСУШЫ


Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өтетін жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық спортшы қатысып, 4 күн бойы өзара бақ сынайды. Олардың арасынан шеберлігімен, жылдамдығымен және төзімділігімен көзге түскен 24 үздік спортшы арнайы іріктеуден өтеді. Іріктелген бұл таңдаулы қыз-жігіттер алдағы уақытта Сауд Арабиясында ұйымдастырылатын Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, халықаралық деңгейде бақ сынайтын болады.