Президенттің экономиканы әртараптандыру тапсырмасы ауыл шаруашылығы саласында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Егілетін дақылдардың түрін көбейту, терең өңдеу бағытын жандандырып, тұтынушыларға дайын өнім ұсынуға басымдық берілген. Бұл бағытта мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Президент жолдауында субсидияны азайтып, орнына қолжетімді несиелеу жүйесін енгізуді тапсырған. Нәтижесінде былтыр жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Мұндай қолдауды диқандармен қатар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, өңдеу өнеркәсібінің мамандары да пайдалана алады.
СНХ:АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ