Облыста полицейлер «ақылды» бейнекамералардың көмегімен 77 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады.
Жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Адамдардың өлімі мен мен жарақат алуына жол бермеу – полицияның аппараттық-бағдарламалық кешендерді пайдаланудағы басты мақсаты. Бүгінде өңірде мұндай 67 кешен жұмыс істейді.
СНХ:Аида Бимендина – СҚО ПД әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторы
8 айдың ішінде аппараттық-бағдарламалық кешендер облыс аумағында 77 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеді. Әрбір құқықбұзушылық – ықтимал апат қаупі, демек адам өлімі мен жарақат алу қатері. Жыл басынан бері СҚО-да 362 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қаза тапты, 488 адам жараланды.
СНХ:Аида Бимендина – СҚО ПД әкімшілік тәжірибе бөлімінің инспекторы
Тіркелген құқықбұзушылықтар бойынша мәселе туындаған жағдайда Петропавл қаласы, Володарский көшесі, 18 мекенжайында орналасқан полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгінуге болады. Әкімшілік полиция қызметкерлері толық түсініктеме береді.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір қатысушының жауапкершілігіне байланысты. Полицейлер азаматтарға әрдайым ескертіп отырады: жолда да, қоғамда да заң мен тәртіптің нығаюы – әрқайсымыздың саналы таңдауымызға тікелей байланысты.