Облыс полицейлері мектептегі салтанатты жиындарда тәртіпті қамтамасыз етіп, балаларды Білім күнімен құттықтады. Патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар мектептердің маңында кезекшілік атқарып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалады. Олар оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейде СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов сөз сөйледі. Ол оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі және балалардың қауіпсіздігі – полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
СНХ:АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ – СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Салтанатты жиынның әсерлі сәттерінің бірі – «Жас сақшы» сынып оқушыларының өнер көрсетуі болды. Оқушылар форма киіп, патриоттық ән орындап, тәртіп пен отансүйгіштікті көрсетті. Болашақ офицерлерге полиция басшылығы алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, полицейлер сыныптарда сабақ өткізіп, балаларға интернет пен көшедегі қауіптер туралы түсіндірді. Оқушыларға жеке деректер мен суреттерді бөліспеу, ата-аналардың банк карталарын пайдаланбау керектігін айтты. Қауіп төнген жағдайда – үлкендерге жүгіну және «102» нөмірін есте сақтау қажеттігін ескертті.
СНХ:АЗАМАТ ЖАМҰКОВ – СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы түрлі-түсті брошюралар мен қазақстандық полицияның патрульдік автокөліктерінің ойыншық үлгілері тарту етілді. Мұның барлығы – өсіп келе жатқан жас ұрпақты «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.