Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана көп жылдан бері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Облысымыздың түрлі аудан, ауылдарынан келген мұғалімдер мәдениет ошағы іс-шараларының тұрақты қатысушылары. Осы жолы кітапхана қызметкерлері жаңадан ашылған Мағжан орталығында ұстаздарға экскурсия өткізді.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке – еліміздегі тілдік және мәдени көптүрлілікті құрметтеудің символы. Осыған орай кітапхана қызметкерлері мұғалімдерге қазақтың ұлы ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен таратудың маңызын түсіндірді.
СНХ:ГҮЛНАР АҚЖІГІТОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ӨНЕР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Кітапхана қызметкерлері 2009 жылы құрылған Мағжан Жұмабаевтың электронды кітапханасы туралы әңгімелеп, көрсетті. Қатысушыларға портал құрылымы, ондағы материалдар жайлы толық мәлімет беріледі. Осы портал арқылы кез келген адам әлемнің кез келген нүктесінен кіріп, Мағжан Жұмабаев жайлы материалдарды оқи және зерттей алады. Мерекеге орай өткізілген іс-шараға педагогтар үлкен қызығушылықпен қатысты. Экскурсия барысында ұстаздар 20-шы ғасырдың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмір жолымен және шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты.
СНХ:ВАДИМ ДРОЗДЕЦКИЙ, ҚАТЫСУШЫ
Айта кетейік, бұл ғимарат 19 ғасырдың 2 жартысында өмір сүрген көпес Янгуразовтың үйі. Мамандар көне ғимараттың алғашқы кейпін сақтай отырып қайта қалпына келтірілді. Мәдени кешен 6 залдан тұрады. Қазір бұл жерде Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы, жеке заттары бар.