Қазақстан мен Қытай аграрлық салада жаңа қадам жасады. Kozybayev University базасында ғылыми аграрлық орталық құрылмақ. Меморандумға қол қою рәсімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсян қатысқан қазақстан-қытай іскерлік кеңесі аясында өтті.

Құжатқа Kozybayev University ректоры Ербол Исақаев пен «Айцзю» корпорациясының директоры Цзя Цзин қол қойды.

Жоба аясында жаңа агротехнологиялар енгізіліп, білікті мамандар даярланады. Сондай-ақ инвестициялар тартылып, Қазақстан агросекторының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл бастама Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін бермек.