Азаматтарға ашықтық пен қолжетімділік жасау мақсатында «Атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» атты онлайн-сервис іске қосылды. Бұл сервис арқылы борышкер мен өндіріп алушы өз ісі бойынша ақпарат алып, қашықтан өзара әрекеттесе алады.

Қызметті пайдалану үшін азаматтар aisoip.adilet.gov.kz сайтына тіркеліп, Adilet мобильді қосымшасын жүктеп, электрондық цифрлық қолтаңбамен авторизациядан өтуі қажет. Бұл қызмет тәулік бойы, яғни 24/7 жұмыс істейді және азаматтарға уақыт үнемдеуге, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді толық бақылауға мүмкіндік береді.

СНХ:АҚМАРАЛ ӘБІЛМӘЖІНОВА - ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ


Қызметтің негізгі мүмкіндіктері: Өз атыңызға қозғалған атқарушылық істерді тексеру, берешек сомасын, іс сатысын және сот орындаушысының деректерін көру, шектеу шаралары туралы хабарламалар алу, онлайн түрде қарызды төлеу, сот орындаушысына электронды түрде өтініштер мен арыздар жолдау және өтініштің қаралу барысын бақылау.