Елде микроқаржы ұйымдарының қызметіне бақылау күшейтілді. Шамадан тыс несиелендіруге шектеулер енгізілуде, адал қарыз алушыларды қорғау тетіктері жасалуда. Бұл шаралар қаржы нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жыл басынан бері елімізде 5 жосықсыз микроқаржы ұйымдары жабылды, олардан 300 мыңнан астам азамат зардап шекті, оның ішінде біздің облыс тұрғындары да бар, олар 71 млрд теңгені артық төлеген.
СНХ:АЗАМАТ НҰРБАЕВ СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ұлттық Банк белгілеген микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 56%-дан аспайды. Сонымен қатар, заңсыз микроқаржы ұйымдарының қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 800 % асқан жағдайлар да бар. Салдарынан қарыз алушылар кредит тұзағына түсіп, бірнеше есе артылған соманы қайтаруға мәжбүр болған.
СНХ:МЕЙРАМ ЕРКЕНОВ СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Тергеу шаралары барысында құқыққа қайшы әрекетті растайтын құжаттар мен өзге де заттар тәркіленген. Аталған фактілер бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша қылмыстық істер тіркелді.