Тайынша ауданы – инвесторлар үшін тартымды өңір. Бизнес өкілдері ауылға қаржы құйып, жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ұсынып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Биылдың өзінде аудан экономикасына 20 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылған.

Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь Тайынша ауданында болып, өңірдің агроөнеркәсіптік кластеріндегі жетекші кәсіпорындарды аралады. Солардың бірі – «Тайынша Май» зауыты. Қытайлық компаниямен бірлесіп іске асқан жобаның құны – 4,3 миллиард теңге. Өндіріс нысаны қазақстан-қытай ынтымақтастығы аясындағы стратегиялық инвестициялық жобалар тізіміне енген.

СНХ:НАТАЛЬЯ ГОЛУБЬ, ТАЙЫНША АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Шетелдік қонаққа майлы дақылдарды қайта өңдейтін зауыттың мүмкіндіктері