Қазақстан Республикасы конфессияаралық және ұлтаралық келісімімен әйгілі. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы - соның айқын көрінісі. Мұнда түрлі діни бірлестіктер бірге өмір сүріп келеді. 30-дан астам діни нысан бар. Сондай-ақ, діни туризм де дамып отыр.

Тайынша ауданы көлемі жағынан облыс бойынша екінші орында. Үлкен әлеуеті бар ірі аудан, тарихи-мәдени нысандары мол. Бұл аудандағы шағын ғана Озерное ауылы елімізге өзінің терең тұнық тарихымен танымал.

СНХ:ТОМАШ ПЕТА, ӘУЛИЕ МАРИЯ РИМ-КАТОЛИК АРХИЕПАРХИЯСЫНЫҢ АРХИЕПИСКОПЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ


Аңыз бойынша осында жер аударылған поляктар дұға жасаған жерде аш адамдарды өлiмнен құтқарған балығы мол көл пайда болды. Сол кезден берi католиктер бұл жердi қастерлейдi, Ал Озерное ауылында құдай анасы - Әлем тәңiршiсi ғибадатханасы орналасқан.

СНХ:ЕЛИЗАВЕТА, ДІН ҚЫЗМЕТШІСІ


Тағы бір ерекше орын - даланың ортасында бой көтерген төбе. Дәл осы жерде қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. Бұл жерлерге жыл сайын мыңдаған турист келіп, тағзым етеді.