«Sensitive» есту қабілеті нашар бишілер театры Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық сахнасындағы сәтті өнер көрсетуден кейін елге оралды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұжым жетекшісі Ольга Ростовщиковамен кездесті.
Кездесу барысында сапардың қорытындылары мен инклюзивті өнерді дамытудың болашағы талқыланды. «Үлкен жұмыс атқарылды, жастарымыз елімізді абыроймен таныстырып, өнердің шекарасыз екенін дәлелдеді. Алда — жаңа жобалар, гастрольдер мен шығармашылық жетістіктер күтіп тұр. Біз олармен мақтанамыз әрі қолдау көрсетеміз», — деді өңір басшысы.
СНХ:ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БИШІЛЕР ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ