Қыркүйек пен қараша айлары аралығында тұмауға қарсы маусымдық вакцинация жасалады. Ол балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар пациенттерге ұсынылады. №1 қалалық емханада балаларға екпе егу жұмысы басталды.
Қалалық №1 емхана 50 719 азаматқа қызмет көрсетеді, оның ішінде 39 771-і – ересек тұрғындар болса, қалғаны – балалар. Мекеме құрамында үш филиал бар, онда: 6 педиатриялық учаске, 15 жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесі және 10 терапиялық учаске жұмыс істейді. Емхананың үш филиалында да екпе бөлмесі жұмыс істейді. Учаскелік дәрігердің жолдамасымен сіз тегін вакцина алып, қауіпті жұқпалы аурулардан қорғана аласыз.
СНХ:ҚУАНЫШ КӨПЕЕВА №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ