И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл - халықтың жаны, рухани қазынасы» атты ақпараттық-танымдық кеш ұйымдастырылды. Тағылымды іс - шараға «Сана» әдеби-музыкалық клубының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ жастар мен студенттер қауымы қатысты. Кеш барысында тілдің қоғамдағы орны, рухани мұра ретіндегі маңызы кеңінен сөз болды.
Тіл - ұлттың алтын қазығы, рухани өзегі.Қатысушылар қазақ тілінің мәртебесі, оның дамуы және өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани-отаншылдық құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Еске сала кетейік, елімізде тілдер күні 5-қыркүйек тойланады. Себебі, бұл күні – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген.
СНХ:ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПРОФЕССОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Іс-шара 2021 жылы құрылған «Сана» әдеби - музыкалық клубының негізгі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды. Клубтың негізгі мақсаты - мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтап насихаттау. Қазіргі таңда құрамында әдебиет және мәдениет саласының 30-ға жуық өкілі мүшелікте.
СНХ:АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И. ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Сонымен қатар іс-шара аясында «Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тілдің рухани байлық әрі ұлттық бірегейліктің басты белгісі екенін айшықтайтын қазақстандық авторлардың шығармалары қойылды.