Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол аққайыңдық диқандармен кездесіп, науқан барысы жайлы білді. Жалпы өңірде орақ науқаны 25 пайызға аяқталған. Бұдан бөлек жол, құрылыс барысын көрді.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Аққайың ауданына барды. Өңір жетекшісі ең алдымен "Астраханское" серіктестігінің егіс алқабында болды. Аталған аймаққа танымал шаруашылық биыл 3 мың гектардан астам аумаққа дән сіңірген. Жыл сайын мол көлемде өнім алады. Басшысы Ғаббас Жантаевтің сөзінше, биылғы шығымдылық орташа есеппен 25 центнерге жуықтайды екен.
Саланың қарқынды дамуы үшін жасанды интеллектіні қолдану қажет. Заман игілігін "Астраханское" серіктестігі де қолдануда. Шаруашылық "Cropwise Operations" қосымшасы арқылы алқапқа техниканы кіргізбей-ақ қанша центнер өнім алатындарын біле алады. Облыс әкімі серістестік басшысына орақ науқаны жүйелі түрде жүргізілуі керектігін айтты.
СНХ:ҒАББАС ЖАНТАЕВ, "АСТРАХАНСКОЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ
СНХ:ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Смирново ауылында ауыз толтырып айтатындай істер жетерлік. Елді мекенде әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 20 баспана салынуда. Маңызды іске республикалық және облыстық бюджеттен 321 млн теңге бөлінген.
СНХ:ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданда спортқа да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Смирновода хоккей корты салынып жатыр. Маңызды іске 374 млн теңгеден астам қаржы бағытталды. Жоспар бойынша 2026 жылы қолданысқа берілуі тиіс. Нысан бір мезетте 38 адамды қабылдай алады.
СНХ:ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Смирновоны жарық және жылумен қамтамасыз етіп отырған қосалқы станция қайта жаңғыртылып жатыр. Іске 1 млрд 224 млн теңге бөлінген. Маңызды жұмыс қазан айында аяқталады.