Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы да мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірнеше іс қаралды. Соның ішінде қызметтік автокөлікті жұмыс уақытынан тыс пайдалану мәселесі де бар.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіндегі алғашқы мәселе екі мемлекеттік қызметшіге қатысты болды. Облыстық Қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант 2025 жылдың 28 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаеқа жеке өтінішімен қоңырау шалған. Ол әріптесінен «Ромашка» бау-бақша серіктестігінің аумағындағы өзінің саяжай учаскесіне апаратын жолға қиыршық тас төсеп беруін сұраған. Құжаттарға сәйкес, басқарма басшысы бұл жұмыстың тегін атқарылатынына сенімді болған.
СНХ:ДИАНА САЛҒАРИНА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бұл жағдай Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің алаңдаушылығын тудырды. Себебі лауазымды тұлғалардың жеке сипаттағы өтініштері қызметтік өкілеттігін жеке мүддесіне пайдалануға тырысу ретінде қабылдануы мүмкін.
СНХ:АБЗАЛ ОРАЗЫМБЕТОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Комиссия отырысында Наталья Дышкант өз кінәсін жартылай мойындап, «қызмет құны туралы бірден келіспегенін» қателік ретінде атап өтті. Алайда, кеңес мүшелері бұл жерде ең алдымен өтініш білдіру тәртібінің сақталмағанына назар аударды.
СНХ:НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
СНХ:ЕРЖАН ҚАРЫМСАҚОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Айта кетейік, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев этика жөніндегі комиссия отырысына қатысқан жоқ. Комиссия мүшелері мемлекеттік қызметшілерге қатысты «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту беру жөнінде бірауыздан шешім қабылдады. Сондай-ақ, жиында Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Смайыловқа қатысты қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану дерегі қаралды. Мемлекеттік қызметші өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекеттің ауыр тәртіп бұзушылық екенін айтты. Комиссия оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.