Жаңа оқу жылы қарсаңында «Дорсигнал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Петропавлға сый жасады. Жамбыл мен Крылов көшелерінің қиылысында проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды.
Орын әкімшілік полиция қызметкерлерімен келісіліп таңдалды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, Жамбыл көшесі – қаланың ең қозғалысы көп бағыттарының бірі. Мұнда екі мектеп, оқушылар сарайы, емхана және жаңа 16 қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Жаяу жүргіншілер легі өте үлкен, сондықтан қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызды.
СНХ:ЮРИЙ ЛАЗАРЕВ – «ДОРСИГНАЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Жаңа өткелдің жабдығы жол бойына «зебраның» суретін түсіреді. Бұл таңбаны қараңғыда, қолайсыз ауа райында және қар басқан кезде айқынырақ етеді. Сонымен қатар, проектор жаяу жүргіншілерді қосымша жарықтандырып, олардың кез келген жағдайда көрінуін жақсартады. 1 қыркүйек алдында полицейлер ауқымды дайындық жұмыстарын атқарды.
СНХ:ЖАНАРА МЕЙРМАНОВА – СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
7 айда облыста 308 түрлі жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 85 жағдай жаяу жүргіншілерді қағумен байланысты. 6 адам қаза тауып, 83 адам жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережені қатаң сақтауға, барынша мұқият болуға және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін естен шығармауға шақырады.