Тілдер күні қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавлдағы бірегей «Мағжан орталығында» болды. 

Қазақстан халқының тілдері күні 5 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл – қазақстандықтардың мәдени бірегейлігін айқындайтын маңызды күндердің бірі. Ол полицейлер үшін де ерекше мәнге ие, себебі тәртіп сақшылары қызметкерлердің патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде бірқатар іс-шара жоспарланған. Алғашқысы – Петропавлда жақында ашылған бірегей «Мағжан орталығына» экскурсия. Бұл – ғылыми, мәдени және ағартушылық бағыттағы орталық.

Жұмабаевтың өмірі туралы баяндап, оның дәуірін бейнелейтін залдарды, тақырыптық еңбектер, сирек басылымдар мен библиографиялық құндылықтар топтастырылған кітапхананы көрсетті.

СНХ:ӘЛИ ТҰРЫСОВ – СҚО МӘДЕНИЕТ, АРХИВ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Экскурсияға облыстық полиция департаментінің түрлі бөлімшелерінен 20-ға жуық қызметкер қатысты. Тәртіп сақшыларына қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында Тілдер күніне орай мазмұнды бағдарлама дайындалған. Оның аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы «Соңғы үкім» фильмін тамашалау және Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтетін семинар-конференцияға қатысу жоспарланған.