Петропавлда жергілікті кәсіпкерлерге франчайзингтің мүмкіндіктері таныстырылды. Шараны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Орталық Азия франчайзинг қауымдастығы ұйымдастырды.

Бұл кездесу – республикалық турдың бір бөлігі. Оның мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлерді табысты бизнес-модельдермен таныстырып, франчайзинг арқылы жаңа мүмкіндіктер ашу. Оған ондаған жергілікті кәсіпкер қатысып, халықаралық деңгейге шығу жолдарын, масштабтау кезіндегі қателіктерді болдырмау тәсілдерін үйренді.

СНХ:МАДИНА ҚАБАЕВА КӘСІПКЕР


Кәсіпкерлер әлеуетті инвесторлармен пікір алмасып, Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрайымы, «Lanzhou» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майғарина және оның орынбасары, «FranchDay» жобасының жетекшісі Сейсенғали Қалиақпаровтан кеңес алды.

СНХ:СЕЙСЕНҒАЛИ ҚАЛИАҚПАРОВ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ФРАНЧАЙЗИНГ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Кәсіпкерлер үшін ерекше қызығушылық тудырған жоба – «KazBrand» байқауы болды. Оның аясында қатысушылар құны жеті миллион теңгеге дейінгі дайын франшизаны тегін иелене алады. Жеңімпаздарға бір жыл бойы сараптамалық қолдау көрсетіліп, даму стратегиясы жасалады. Байқауға 13 қыркүйекке дейін тіркелуге болады.