Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған ашық сабақ өтті. Іс-шараға түрлі жастағы қатысушылар жиналды. Олар қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек деп санайды.
Сабақ барысында жиналғандар Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлеріне, мемлекеттік рәміздерге, сондай-ақ көпэтносты ел тарихы мен мәдениетіне арналған қазақ тіліндегі викторинаға қатысты. Сұрақтар ауқымы кең болды – тіл саясатының негізгі бағыттарынан бастап, ұлттық киімдер мен мерекелерге қатысты қызықты деректер қамтылды.
СНХ:ЮЛИЯ РОДИОНОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗТБ СҚОФ МҮШЕСІ
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, сауаттылық деңгейін арттыру және оны үйренуге қызығушылықты күшейту. Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның мәдени мұрасының алуан түрлілігіне қатысты терең білімдері мен шынайы қызығушылықтарын көрсетті. Жиналғандар арасында мемлекеттік тілді енді үйреніп жүргендер де, еркін меңгергендер де болды.