Есіл ауданында ескі ғимараттарды қайта жаңарту және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бір мысалы – Есіл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы. Қыркүйек айынан бастап азаматтар жаңа цифрлық кеңседе қызмет алу үстінде.


Бұл ғимарат 1969 жылы салынған. 2007 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы ретінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде тек екі рет жартылай жөндеу жүргізілген. Жаңа кеңсе клиентке бағдарланған және цифрландыру қағидаттары ескере отырып жобаланған. Бұл өз кезегінде кезек күту уақытын қысқартып, барлық санаттағы азаматтар үшін қызмет алу үдерісін одан әрі қолжетімді етеді.

СНХ:ЕРКІН ЖҰМАБАЙ «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КЕАҚ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Орталықта құжаттарды беру аймағы, экспресс-қызметтерді көрсету аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, сондай-ақ eOtinish платформасы арқылы өтініштерді қабылдау пункті қарастырылған.

СНХ:АСЫЛБЕК ОМАРОВ ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Сыйымдылығы 100 адамға арналған орталық күніне орта есеппен 40-50 азаматты қабылдайды. Былтыр 7505 адамға қызмет көрсетілсе, биылғы жартыжылдықта 3591 келуші тіркелген.