Аққайың ауданының ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы өз жұмысын 1956 жылы бастаған. Бүгінде егістік алқабы 20 мың гектардан асады. Оның 16 мың гектарында дән себіледі. Мекеме бастапқы тұқым шаруашылығымен айналысады.
Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы 2015 жылдан бері өңірдің топырақ-климат жағдайына бейімделген жаздық жұмсақ бидайдың жоғары сапалы сорттарын шығарумен айналысып келеді. Ғалым-агрономдар негізгі басымдықты сапаға береді. Бұл бағыттағы еңбектің нәтижесі де көп күттірмеді.
СНХ: ВИТАЛИЙ ЗАИКА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ
Елена Федоренко далалық стационарда еңбек етеді, бидай селекциясымен айналысады. Дәл осы жерде бидайдың әртүрлі үлгілерін зерттеу бойынша барлық тәжірибелер жүргізіледі. Ғалымдардың жетекшілігімен өңірге арналған жаңа сорттар жасалуда.
СНХ: ЕЛЕНА ФЕДОРЕНКО БИДАЙ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Селекция – ұзақ мерзімді қажет етеді, бірнеше жылға созылады. Дегенмен, агрономдар заманауи әдістерді, соның ішінде генетикалық тәсілді қолданады. Бұл нәтижеге жедел жетуге мүмкіндік береді. Бұл аумақтағы ерекше мақтанатын сорт – Тритикале. Ол – қара бидай мен бидайдың ең жақсы қасиеттерін біріктіретін, қолдан шығарылған дәнді дақыл.
СНХ: ВИТАЛИЙ ЗАИКА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ» ЖШС БАСШЫСЫ
Сорт ауруларға төзімді және пестицидтермен өңдеуді қажет етпейді.