Солтүстік Қазақстан облысына халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған арнайы медициналық пойыз келді. Әсіресе шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік сыйлаған бұл игі іс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен әлеуметтік жоба аясында жүзеге асуда.
Құрамында тәжірибелі дәрігерлер – терапевт, педиатр, кардиолог, гинеколог, офтальмолог және басқа да бейінді мамандар бар. Тұрғындар тегін тексеруден өтіп, кеңес ала алады, қажет болған жағдайда – емделеді.
СНХР:ЕЛНҰР МАХАНОВ, АҒА ДӘРІГЕР
Тайынша қаласының тұрғыны Галина үшін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – жай ғана тексеруден өту мүмкіндігі емес, өмірін сақтап қалған үміт сәулесі. Ол мұнда қатарынан екінші жыл келіп отыр. Айтуынша, былтыр дәл осы пойыздың дәрігерлері дер кезінде көмек көрсетіп, өлім аузынан аман алып қалған. Галина ақ халатты абзал жандарға шексіз ризашылығын білдірді.
СНХР:ГАЛИНА ВАЯКИРЕКОВА, ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, бұл әлеуметтік жоба аясында тұрғындарға кәсіби заңгерлер мен медиаторлар да қызмет көрсетеді. Олар құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп қана қоймай, даулы мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.