12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет әлпетін толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салатын заңнамалық өзгерістер күшіне енді.

Құқық қорғау органдары қазір бұл норманы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заңдағы өзгерістердің мақсаты – азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаны анықтауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға мүмкіндік беру. Тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын тануға кедергі келтіретін киім түрлеріне ғана қатысты. Мәселен, бетперде мен никаб. Ал хиджаб, шейла, химар және аль-амира сияқты бет-жүзді жаппайтын киімдерге бұл норманың қатысы жоқ. Бұдан бөлек, тыйым ауа райына, медициналық себептерге, қызметтік міндеттерді атқаруға, азаматтық қорғау жұмыстарына, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық шараларға байланысты қолданылатын киімдерге қатысты емес.

СНХ: ГАУХАР РАМАЗАНОВА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ