Өңір диқандары орақ науқанына кірісті. «Ақ-жер 2010» ауыл шаруашылық құрылымы биыл тоғызыншы рет егін жинап отыр. Шаруашылық 2017 жылы Жамбыл ауданында құрылған. Егіс алқабы – 14 мың гектар, оның тең жартысы майлы дақылдарға, қалғаны дәнді дақылдарға арналған.

Егіншілік саласында бұл ауыл шаруашылық құрылымы топырақты нөлдік өңдеу технологиясын, яғни No-till әдісін қолданады. Бұл – дәстүрлі жыртусыз-ақ тұқымды топыраққа тікелей себетін заманауи тәсіл. Бұрынғы дақылдардың қалдықтары топырақ бетінде қалып, мульча қабатын түзеді. Заманауи технологияның нәтижесіне аграрилер дән риза.

СНХ: АЛЕКСАНДР ХИТРОВ «АҚ-ЖЕР 2010» ЖШС ДИРЕКТОРЫ