Демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ден астам дерегін анықтады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалдан көрейік.

Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер әртүрлі әдістерді қолданады. Айталық. жүргізушілермен әңгімелесу, жасырын патрульдеу, квадрокоптер арқылы бақылау. Петропавлға кіреберістегі қала сырты жолдарында тәртіп сақшылары жолдың жүру бөлігін тарылту тәсілін пайдаланды.

СНХР: ГАУХАР РАМАЗАНОВА — СҚО ПД ЖПҚБ ИНСПЕКТОРЫ


«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты — заң бұзғаны үшін жазалау емес, оны болдырмау, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол апатын азайтудың басты факторы — жол қозғалысына қатысушылардың барлығының тәртібі мен жауапкершілігі.